Ресейде бірнеше әйел алуға қайтадан тыйым салынды

Ресейде бірнеше әйел алуға қайтадан тыйым салынды
Фото: pexels.com

Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі Ресей Бас прокуратурасының ұсынысы негізінде көп әйел алуға рұқсат беретін пәтуаның күшін жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы кеңес төрағасы Шамиль Аляутдинов Telegram-каналында хабарлады.

Оның айтуынша, пәтуа Бас прокуратураның оны жоюға шақырған мәлімдемесі мен ресейлік қоғамның реакциясынан кейін кері қайтарылған.

"Бұл - Алланың қалауы, сондықтан Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі бұл мәселе бойынша пікірталасқа түсудің мәні жоқ деп санайды", - деді Аляутдинов.

Еске салайық, бұған дейін Ресейде төрт әйелге дейін алуға рұқсат берілгені хабарланған еді. Бұл туралы Ресей мұсылмандарының рухани басқармасы мәлімдеді. Алайда ол үшін бір шарт болған еді. 

Басқарма мәліметінше, күйеуі барлық әйеліне әділ әрі тең қарауы қажет. Басқарма ер адамның барлық әйелін тең қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өтті, яғни ол әр әйеліне бөлек баспана әперуге, сондай-ақ әрқайсымен келісілген кезек бойынша уақытты тең өткізуге тиіс екенін айтқан болатын. Егер бұл талаптар сақталмаса, ер адамға көп әйел алуына рұқсат берілмейді.

Сонымен қатар некеде тұрған ер адам тағы бір діни некеге отыру кезінде барлық баланы асырап алуға, сондай-ақ нотариус арқылы өсиет құжатын рәсімдеуге міндетті.

Алайда Ресей Конституциясы бойынша мемлекеттік органдарда тіркелген бір ғана неке мойындалады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина