Жыл басынан бері Ресей аумағында Қазақстан тарапы іздеп жүрген 27 адам анықталды. Олардың 14-і ұсталған, 13 адамның жүрген жері белгілі болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ал қазақстандық полицейлер ресейлік әріптестері іздеп жүрген 212 адамды анықтаған. Олардың ішінде 31 қылмыскер ұсталып, 180 адамның жүрген жері белгілі болды.
Ақтау әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталған. Ол Баку қаласына ұшып кетпек болған кезде қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Тергеу мәліметінше, 2012 жылы Ресей Федерациясының Калуга қаласында күдікті жанжал барысында үй иесінің басына үш рет соққы жасаған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмған", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Владикавказ қаласында жедел іздестіру шаралары барысында халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталған. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Тергеу мәліметінше, 2022 жылы 14 қаңтарда Шымкент қаласындағы автосалондардың бірінде ер адам жергілікті тұрғыннан Toyota Camry көлігін 20 миллион теңгеге сатып беремін деп алған. Кейін құжаттарды қолдан жасап, көлікті белгісіз тұлғаға сатып жіберіп, жәбірленушіге материалдық шығын келтірген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова