Ресейде аялдама тұрған “Дональд Трамптың“ видеосы тарады

Ресейде аялдама тұрған “Дональд Трамптың“ видеосы тарады
Фото: Видео кадры

Желіде АҚШ президенті Дональд Трампқа ұқсайтын зейнеткердің видеосы тарады. Ол Ресейдің Пермь қаласындағы аялдамада кадрға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Пятница" басылымына сілтеме жасап.

Трампқа ұқсайтын әжей түскен видео бірден тарап кетті. Оның авторы - жергілікті тұрғын Евгений Сажин.

"Перміде Дональд Трампты кездестіру мүмкіндігі аз, бірақ бәрі мүмкін", - дейді ол. 

Сажин әжейді автобус аялдамасында жолықтырған.

- Сіз өзіңіздің Дональд Трампқа ұқсайтыныңызды байқадыңыз ба? - деп әйелге тіл қатады ол.
- Қойыңызшы! - деп жымия жауап береді әйел.
- Мүлдем? - деп қоймайды жергілікті тұрғын. - Өте ұқсайсыз. Әрине, әйел түрі секілдісіз. Бірақ ұқсайсыз.
- Шашым ағарған ғой, әрине, - деп келіседі әйел.
- Жоқ, ол да сымбатты, сіз де сондайсыз! - деді Сажин.

Осы уақытта әлеуметтік желі қолданушылары "мына әйел Трамптың өзінен де қатты ұқсайды" және "Трамп әлемдегі әжелердің жартысына ұқсайды" деп әзілдейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget