Ил-76 әскери ұшағы Рязань маңында құлады. Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар, бірнеше адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды DW.com.
Ил-76 ұшағы Орынбордан Белгородқа ұшқан, ал Рязаньда жанармай құю жоспарланған.
Борттағы 9 адамның үшеуі қаза болып, алтауы медициналық мекемелерге жеткізілген.
"24 маусымда Ил-76 әскери ұшағы Рязань облысына қатты қонды. Жүксіз оқу-жаттығу рейсін орындау кезінде қозғалтқышта ақау анықталған соң, жерге қону туралы шешім қабылданды. Жерге жақындағанда ұшақ жартылай құлады", - делінген РФ Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Апаттан кейін өрт басталған, бірақ ол толық сөндірілген.