Ресейде әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйге құлады

Ресейде әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйге құлады

Ресейдің Ейск қаласында әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйге құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, құлаған әскери ұшақтан ұшқыштар қашып үлгерген. Апат болған жерде бірнеше жарылыс болып, көпқабатты үйде өрт шыққан. Өрт салдарынан 9 қабатты ғимарат өртеніп, үш адам қаза тауып, 22 адам жараланған. 

Ейск орталық аудандық ауруханасында өрттен зардап шеккендерге 8 операциялық бөлме мен 11 реанимациялық төсек орналастырылған. Қазір ауруханада 11 адам жатыр, оның екеуі жүкті келіншек. 

Облыстық жедел штаб мәліметінше, өртке оранған үйде 600 адам тұрып жатыр. Билік олардың әрқайсысының қайда екенін анықтауды тапсырған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері ғимаратқа кіріп, қазір пәтерлерді тексеріп жатыр.

Ресей Қорғаныс министрлігі Су-34 ұшағы Оңтүстік әскери округінің әскери аэродромынан оқу-жаттығу мақсатында көтерілген кезде құлағанын мәлімдеді.

"Ұшақ Ейск қаласының ішінде апатқа ұшырады. Ұшқыштар апатқа қозғалтқыштардың бірінің тұтануы себеп болғанын айтты", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова