- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейде 14 жастағы...
Ресейде 14 жастағы оқушы видео түсіремін деп терезеден құлап кетті
Ленинград облысының Гатчина ауданында 14 жастағы оқушы қыз Telegram-ға видео түсіремін деп, 6-қабаттағы орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Lenta.ru. Бұл туралы 78.RU порталына құқық қорғау органдарының өкілдері мәлімдеген.
Оқушы терезеде вейп (шылым түрі - еск.) шегіп, музыка тыңдап және Telegram-ға видео түсіріп отырған. Бір кезде ол өзін ұстай алмай, терезеден құлап кеткен.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оқушы қызды ауруханаға жеткізбек болған, алайда ол алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Тергеушілер бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Жасөспірім пәтерде анасымен бірге тұрған. Сондай-ақ, марқұмның ұстаздармен және басқа мектеп оқушыларымен қарым-қатынасы дұрыс болмағаны белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек