Жақында ғана Ресейдің Екатеринбург қаласына барып сән көрсетіліміне қатысқан отандық бренд күзге Парижге аттанады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы танымал әнші Балжан Бидаш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Аруназ" коллекциясы ресейліктерге ұнап, шулатып қайттық. Назым, шетелге Қазақстан атын шығарып жүргеніңе рахмет. Қыркүйекте Париж, күт!", - деп жазды ол желіде сән көрсетіліміне қатысқан қазақстандықтардың суретін жариялап.
Еске салайық, Айжұлдыз Адайбекова мен Балжан Бидаш Аруназ коллекциясын ресейде модель ретінде таныстырған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!