Ресей зымыраны Зеленскийдің туған қаласына зымыран шабуылын жасады

Украина билігінің хабарлауынша, жұма күні Ресей әскерінің ел президенті Владимир Зеленскийдің туған қаласы – Кривой Рогқа жасаған зымыран соққысы салдарынан кемінде 18 адам қаза тауып, оның ішінде тоғыз бала болған. Сондай-ақ шабуылдан 50-ден астам адам жарақат алды, деп жазады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі UNIAN агенттігіне сілтеме жасап.

Владимир Зеленский кешкі үндеуінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.

"Көптеген адам жараланды, үйлер бүлінді. Зымыран тұрғын үйлер орналасқан ауданға – балалар алаңына, қарапайым көшелерге түсті", – деді Зеленский.

Сондай-ақ ол жұма күні Ресейдің Херсон қаласындағы электр станциясына дрон арқылы шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрлігі Telegram-дағы ресми хабарламасында бұл соққыны украиналық және батыстық офицерлердің кездесуіне бағытталған деп атап, оны "жоғары дәлдіктегі осколкалы-фугасты зымыранмен жасалған соққы" деп сипаттады. Олар шабуыл Қривой Рогтағы мейрамханалардың бірінде өткен жиналысқа бағытталғанын мәлімдеді.

"Нәтижесінде қарсылас тараптан 85-ке жуық әскери қызметкер мен шетелдік офицерлер, сондай-ақ 20-ға дейін техника жойылды", – делінген Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.


Алайда Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Кривой Рогтағы "әскери жиналыс болған орынға" дәл соққы жасалды деген Ресейдің мәлімдемесін жалған ақпарат деп атады. Бұған дейін НАТО-ның барлау деректері бойынша, Ресей зымыран өндірісін айтарлықтай көлемде жалғастырып жатқаны, сол себепті жаңа шабуылдарға дайындық ретінде зымырандарды жинап жатқаны хабарланған еді – тіпті соңғы уақытта шабуылдар сирегенімен.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!