- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресей Украинада алғаш...
Ресей Украинада алғаш рет "Охотник" пилотсыз ұшағын пайдаланды
Ресей Қарулы Күштері Украинадағы соғыс аймағында алғаш рет бесінші буын Су-57 жойғышының серігі саналатын S-70 "Охотник" пилотсыз ұшағынан пайдаланды.
Бұл туралы түрік баспасөзі желіде пайда болған Украинадағы дронның суреттеріне сүйене отырып хабарлады. Журналистердің айтуынша, дронның сұлбасы мен өлшемі оның "Охотник" екенін көрсетеді. Пилотсыз ұшақтың Сумы облысындағы Украина қарулы күштерінің нысандарына шабуыл жасау үшін пайдаланылғаны атап өтілді.
Дронның толық сипаттамалары белгісіз
Батыс әскери сарапшысы Петр Бутовскийдің айтуынша, "Охотниктің" салмағы 25 тонна, оның 2,8 тоннасы қару. Ұзындығы 14 метр, қанаты 19 метр. Төмен биіктікте жылдамдығы 1,4 мың км/с, ұшу қашықтығы 5 мың км.
"Охотник" радиолокаторларды жою үшін дыбыстан тез ұшатын X-58 зымыранын (шамамен 260 шақырым ұшу қашықтығымен) және теңіз нысандарына қарсы төмен биіктіктегі Х-35 зымыранын тасымалдай алады. "Охотник" сонымен қатар төрт модификацияланған X-74M2 гиперсоникалық зымырандарымен және сегіз KAБ-250 басқарылатын бомбаларымен қарулануы мүмкін.
Пилотсыз ұшақ жойғыш ұшақпен бірге жұмыс істейді
"Охотник" радарларға дерлік ілінбейді және бесінші буын ұшағымен бірге жүреді.
"Охотник" өзінің алғашқы сынақ рейсін 2018 жылдың маусым айында жасады. 2019 жылдың тамыз айында ол Су-57 жойғыш ұшағымен алғашқы бірлескен рейсін жасады. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.
Т. Раушанұлы