Алты рет сотталған қазақстандық қылмыскер Айтқали Маймұшев Ресейдің түрмесінде асылып өлген күйі табылған болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
66 жастағы қазақстандық ұры қылмыстық ортада "Леха Семипалатинск" деген атпен танылған. Ол Ресейде қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан еді.
Себебі Айтқали Маймұшев 1958 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Балалар үйінде өскен. Қылмыс әлеміне ерте аяқ басқан. Жасөспірім кезінен бастап түрлі құқықбұзушылық жасаған.
Осы күнге дейін алты рет сотталып, бұзақылық, бопсалау, ұрлық, қару-жарақ пен есірткі заттарын заңсыз айналымға енгізу бойынша істі болған.
1997 жылы Мәскеуде "ұрылар отбасының" құрамына қабылданды. Сол кезден бастап Қазақстан аумағындағы "қарауыл" болып таныла бастады.
Сібір мен Қиыр Шығыстың қылмыстық істерімен тығыз байланысы бар деген де дерек кездеседі.
2022 жылдың қаңтарында "Леха Семипалатинск" Мәскеудегі танымал барда ұсталды. Тінту кезінде қылмыскерден метадон табылған.
Айтқали Маймұшев 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Карелия Республикасында болған. 2023 жылдың 10 шілдесінде Мәскеу қалалық соты оны қылмыстық мәртебесі және есірткіні заңсыз сақтағаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!