Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ мүшесі Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен Қазақстан азаматын экстрадициялады.
Күдікті 2023 жылы Ресей Федерациясы аумағында сату мақсатында Қазақстан бойынша акцизделетін тауарларды (темекі) сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз сақтап, тасымалдаған. Осылайша акциз салығынан Қазақстан бюджетіне түспеген қаражат 1 миллиард теңгеге жеткен.
Күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.
"Ол 2025 жылы сәуірде Ресейде ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!