Мемлекет басшысы Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресей Үкіметінің төрағасы қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыұлттық референдум табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады.

Михаил Мишустиннің айтуынша, референдум Қазақстан Президентінің мемлекет іргесін нығайтуды, экономиканы дамытып, азаматтардың әл-ауқатын арттыруды көздейтін саясатын барша халық қолдайтынын көрсетті.
"Орайлы сәтті пайдаланып, сізге Владимир Владимирович Путиннің ыстық ықыласын жеткізгім келеді. Бірер күн бұрын президентпен екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін, сондай-ақ, биыл мамырға жоспарланған сапарына әзірлік жұмыстарын талқыладық. Үкімет бұл сапардың табысты өтуіне барынша күш салады. Сіздің былтыр қарашада Ресей Федерациясына жасаған сапарыңыз барысында мемлекеттер басшылары қойған барлық міндетті екі ел Үкіметтері іске асырып жатыр", – деді Михаил Мишустин.
Сондай-ақ, тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова