- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресей мен Украина...
Ресей мен Украина соғысы 2023 жылы аяқтала ма? Киев пен Кремль мәлімдемелері
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинадағы соғыс "қаласа ертең де" аяқталуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vedomosti.ru.
Оның сөзінше, Зеленский бұл жағдай қашан аяқталатынын біледі.
"Бұл жағдайды ұзақ уақыт талқылауға болады, мұның бәрі аяқталуы да мүмкін. Зеленский мұның қашан аяқталуы мүмкін екенін біледі. Мұның бәрі қаласа, ертең де аяқталуы мүмкін", - деді ол.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский елдегі жағдай 2023 жылы аяқталуы мүмкін екенін болжаған еді.
"Менің ойымша, украиналықтар келесі жылы ең ықпалды халық болады. Бірақ бейбіт уақытта", - деген еді ол.
Сонымен қатар, Путин 7 желтоқсан қарсаңында Адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшелерімен онлайн-кездесу барысында соғыс "ұзақ процесс" болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол Украинадағы жағдайды Ресей емес, 2014 жылғы мемлекеттік төңкерістен кейін Киевте билікке келгендер тудырғанын айтты.
Айта кетейік, Украинада соғыс 24 ақпанда басталды. Путин оның мақсаты Донбасс тұрғындарын қорғау екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Украинаны демилитаризациялау мен денацификациялау екенін айтты. Соғыс барысында Ресей әскері көп бөлікті бақылауға алды. Кейін бұл аумақтар Ресейдің құрамына кірді, 19 қазаннан бастап аймақтарда әскери жағдай енгізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова