Ресей мен Қазақстан шекарасында бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болды

Ресей мен Қазақстан шекарасында бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болды

Әлеуметтік желі қолданушылары Ресей мен Қазақстанның шекарасындағы кептелістерді видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

"Уральская неделя" басылымының мәліметінше, бұл видео Батыс Қазақстан облысындағы Маштаково - Сырым шекара бекетінде түсірілген. 

Ресейдің Озинки елді мекеніндегі Батыс Қазақстан облысына кіру бекетінде де жол кептелісі бірнеше шақырымға созылған. Видео авторының сөзінше, кезекте тұрғанына 10 сағаттан асқан.  

Шекарадағы жол кептелісі туралы видео "Наша газета" басылымына да келіп түскен. Видео авторы Троицк қаласында да кептеліс пайда болғанын айтады. Алайда пікір жазған адамдардың сөзінше, бұл бекетте бұған дейін де мұндай кептелістер болып тұрған көрінеді.  

@ng.kz Очередь на границе в Казахстан. Кто сейчас на границе? Делитесь новостями. #нашагазетакостанай #костанай #kostanay #новостикостанай #казахстан #kazakhstan #городкостанай #дорогиказахстана #границаказахстанроссия #границаказахстана #троицк #кайрак #бугристое ♬ оригинальный звук - Наша Газета, новости Костанай

Мына суреттен адамдар шекарадан жаяу өтіп жатқанын да аңғаруға болады. 

Фото: t.me/uralskweek_kz

Одан бөлек, Тelegram-да адамдар бір-біріне кеңес беріп, көмектесіп, Қазақстандағы бизнес туралы бөлісетін топтар пайда болған. 

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресейде ішінара мобилизация жарияланған болатын. Ел билігі резервте тұрған 300 мыңға жуық адамды әскерге шақырмақ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина