- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресей Қырғызстанда тоғыз...
Ресей Қырғызстанда тоғыз мектеп салады. Директорларды РФ өзі тағайындайды
Ресей Қырғызстанда тоғыз мектеп салады. Ал мектеп директорларын Ресей тарапы қырғыз тарапымен кеңесіп, РФ азаматтарын тағайындайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы әлеуметтік саясат жөніндегі парламенттік отырыста білім министрі Ұланбек Мәмбетақұнов айтқан.
Айта кетейік, депутаттар Қырғызстан министрлер кабинеті мен Ресей Үкіметі арасындағы Қырғызстанда орыс тілінде оқытуды жүзеге асыратын бірлескен жалпы білім беру ұйымдарын салу, құру және жұмыс істеу шарттары туралы келісімнің жобасын талқылап жатыр.
Білім министрлігінің басшысы әр мектептің құрылысының орташа құны 450 миллион рубль болатынын, олар үш жылда пайдалануға берілетінін атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина