Ресей Қазақстандағы үш ЖЭО құрылысына атсалысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобалары туралы айтты.
Вице-премьердің сөзінше, бұл мәселе 31 қазанда Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчукпен үкіметаралық комиссияда талқыланған.
Ай сайын кемінде 200 мың тонна темір рудасының шикізат транзитін қамтамасыз ету жәнеде ресейлік тараптың Қазақстанда үш ЖЭО салу жобаларын жүзеге асыруға қатысу мүмкіндіктері қарастырылды. Бүгін тиісті құжатқа қол қойылады деп күтіп отырмыз, - деді Серік Жұманғарин.
Жасұлан Ордабаев
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!