Ресей Қазақстанда жылу электр орталықтарын салады. Мәжіліс тиісті заң жобасын жұмысқа қабылдады. Бұл туралы депутат Еділ Жаңбыршин мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті жалпы отырыста Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жағатын жылу электр орталықтарын салу жобалары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады.
"Жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу өңірлерді жылумен және электрмен қамтамасыз етудегі проблемаларды шешу үшін қажет және ел экономикасының тұрақты өсуіне ықпал етеді", - деді депутат.
Келісім шеңберінде Көкшетау (болжалды қуаты 248 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) қалаларында көмір өндіру негізінде ЖЭС салу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Мәжілісте бұдан бөлек тағы үш заң жұмысқа қабылданды.
Еске салайық, бұған дейін қай ЖЭО-ларда жағдай күрделі екені белгілі болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!