Ресей Жеңістің 80 жылдығына орай атысты уақытша тоқтататынын жариялады

Ресей Жеңістің 80 жылдығына орай атысты уақытша тоқтататынын жариялады
Фото: ©️ kremlin.ru

Ресей Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу күндері уақытша атыс тоқтайтынын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресей президенті Владимир Путиннің шешімімен Ресей тарапы 8 мамырға қараған түні сағат 00:00-ден бастап 11 мамыр сағат 00:00-ге дейін барлық ұрыс қимылын тоқтатады.

"Осы кезеңде барлық ұрыс қимылы тоқтатылады. Ресей украиналық тарап осы үлгіні ұстануы керек деп санайды", - деп жазылған хабарламада.

Украина тарапы бітімгершілікті бұзған жағдайда Ресей Федерациясының Қарулы Күштері тиісті жауап беретіні айтылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget