- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресей Херсонда шегінді:...
Ресей Херсонда шегінді: Украинада соғыс қалай жүріп жатыр?
Украинада экономиканы тұрақтандыру, жалпы ішкі өнім көлеміне қауіп төндірмеу, шығынды қысқарту үшін бірқатар шара жүргізіліп жатыр. Украина экономика министрінің сөзінше, мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту секілді жұмыстар да атқарылып жатыр. Massaget.kz тілшісі Украинада кейінгі ахуалға шолу жасады.
Украинаның ЖІӨ-і 39 пайызға қысқаруы мүмкін - экономика министрі
Украина экономика министрі Юлия Свириденко Ресейдің азаматтық инфрақұрылымға жасаған шабуылдары салдарынан ЖІӨ 35 пайыздан 39 пайызға дейін құлдырауы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, Үкімет шығынды қысқарту бойынша бірқатар шараны қолға алып жатыр. Мысалы, мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартуға тырысу, шағын мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге ұмтылу.
"Біздің есеп бойынша, блэкауттар алдағы бірнеше аптада жалғасса, Украинаның ЖІӨ көлемі одан да төмендейді, мүмкін 39 пайызға дейін", - деп атап өтті Украина Экономика министрлігінің басшысы.
Ресей Херсон облысы "басшысының орынбасары" қайтыс болғанын хабарлады
Ресейдің аймақтық үкіметінің баспасөз қызметі Ресей Федерациясы тарапынан тағайындалған "әкімшілік басшысының орынбасары" Кирилл Стромоусов Херсон - Армян тасжолындағы апаттан қаза болғанын хабарлады. Строемоусовтың өлімін Херсон облысы әкімшілігі басшысының орынбасары Екатерина Губарева да растаған.
Сонымен қатар, Украина билігінің өкілі, Херсон облыстық кеңесі басшысының орынбасары Юрий Соболевский Кирилл Стремоусовтың өлімі ойластырылған болуы мүмкін екенін жоққа шығармаған.
Шойгу Херсоннан әскерді шығаруға бұйрық берді
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскеріне Херсоннан шегінуді бұйырды. Қала Днепр өзенінің солтүстігінде, сол жағалауында орналасқан. Шойгу мен генерал Сергей Суровикин украиналық күш алға жылжыған кезде әскер өзеннің арғы жағында қайта жиналуы керегін мәлімдеді.
"Қалыптасқан жағдайды жан-жақты бағалай отырып, Днепрдің сол жақ шығыс жағалауында қорғанысқа орналасу ұсынылады. Херсон қаласына және өзеннің сол жағалауындағы басқа аудандарға жүк жеткізу енді мүмкін емес", - деді Суровикин брифингте.
Шойгу оның шегіну және басқа жағалауда қорғаныс алу туралы ұсынысымен келісті.
"Әскерді шығаруға кірісіп, жеке құрамның, қару-жарақ пен техниканың Днепр арқылы қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін барлық шараны жүзеге асырыңыз", - деді Шойгу.
Суровикин Шойгуға Днепрдің батыс жағалауынан 115 мыңға жуық адам шығарылғанын айтты.
Айта кетейік, Ресей әскері Украинаға басып кірген алғашқы күндерде Херсонды басып алды.
Ресейдің Херсоннан шегінуі "нақты проблемалары" барын көрсетеді - Байден
АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Херсоннан әскерді шығару туралы бұйрығы Мәскеудің соғыста "нақты проблемалары" барын көрсеткенін мәлімдеді.
"Бұл - Ресейде, Ресей әскери күштерінде нақты проблемалары бар екенінің дәлелі. Сыртқы саясат саласында Украинадағы Ресейдің басқыншылығына қарсы тұрудың осы екі партиялық тәсілін жалғастырамыз деп үміттенемін", - деді Байден Вашингтонда.
НАТО басшысы Украинаның жетістіктері "жігерлендіретінін" айтты
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг басып алынған аумақты украиналық әскердің босатқаны "жігерлендіретінін" айтты. Оның сөзінше, жеңіске Украина Қарулы Күштерінің әрекеті арқылы қол жеткізілген, бірақ ол одақтастардың қолдауын да атап өтті.
"Украина Қарулы Күштері қол жеткізген жеңістер, табыстар батыл, батыр украиналық сарбаздарға тиесілі, бірақ, әрине, олардың Ұлыбританиядан, одақтастар мен НАТО секілді серіктестерінен алатын қолдауы да өте маңызды", - деді Столтенберг.
Great trip to the United Kingdom to meet ??, ?? & ?? soldiers who are training troops from #Ukraine’s to resist #Russia's invasion. I thanked PM @RishiSunak for the UK's leading role in supporting Kyiv & its key contributions to #NATO at this critical time. pic.twitter.com/Y1ft3VKMAU
— Jens Stoltenberg (@jensstoltenberg) November 9, 2022
Ресей әскерін Херсоннан шығару туралы айтуға ерте - Украина президентінің аға кеңесшісі
Украина президентінің аға кеңесшісі Михаил Подоляк Ресей әскерін Херсоннан шығару туралы айтуға әлі ерте екенін айтты. Подоляк Ресей әскері Херсонда қалғанын, сондықтан олар сақ болатынын атап өтті.
"Херсон аспанында Украина туы желбірегенше, орыс әскерінің шығарылуы туралы айтудың еш мәні жоқ. Ресей әскерін Херсоннан шығару туралы айтуға әлі ерте, қалада Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің тобы бар", - деді Подоляк.
Actions speak louder than words. We see no signs that Russia is leaving Kherson without a fight. A part of the ru-group is preserved in the city, and additional reserves are charged to the region. ?? is liberating territories based on intelligence data, not staged TV statements.
— Михайло Подоляк (@Podolyak_M) November 9, 2022
ЕО Украинаны 18 миллиард еуроға қолдау жоспарын жариялады
Еуропалық комиссия 2023 жылға дейін Украинаға көмек көрсетуге бағытталған 18 миллиард еуро көлеміндегі экономикалық қолдау жоспарын ұсынды. Жоспарға сәйкес, ЕО ай сайын несие түрінде 1,5 миллиард еуро бөледі.
"Біз бұл жаңа қаржылық пакетті Украина үшін шұғыл қажеттілік кезінде ұсынамыз, өйткені ресейлік шабуыл инфрақұрылымға соққы беруді жалғастырып жатыр", - деді комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскис.
The EU continues to stand in solidarity with Ukraine.
— Ursula von der Leyen (@vonderleyen) November 9, 2022
We propose an €18 billion support package for 2023.
Funding in regular tranches to help recovery in the short-term and strengthen institutions.
Preparing the ground for a reconstruction of ?? progressing on the EU path.
Германия Украинаға арналған әскери көмек тізімін ұсынды
Германия үкіметі Украинаға жаңа әскери көмек ұсынатынын жариялады. Құжатта 30 Dingo бронетранспортері, Iris-T SLM әуе қорғанысы зымырандары, төрт пилотсыз қорғаныс жүйесі, 18 барлау дроны, жүк көліктері мен жүк тиегіштер жеткізілгені айтылған.
Тағы бірнеше зенит зымырандары, ондаған минаға қарсы танк пен мина тазалағыш, сондай-ақ, бес мобильді барлау жүйесін жеткізу жұмыстары дайындалған. Жеткізу мерзімі қауіпсіздік мақсатында аталмаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова