Ресей азаматы Шарын шатқалында жартастан домалап түскен

Ресей азаматы Шарын шатқалында жартастан домалап түскен
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы облысының құтқарушылары Ресей азаматын құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылғы 20 тамызда сағат 02:00-ден бастап құтқарушылардың күшімен 1990 жылы туған Ресей азаматын жартастан эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Әйел адам Ұйғыр ауданында Шарын шатқалында жартастан домалап түскен.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен техникасының күшімен сағат 07:17-де әйел адам құтқарылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан