Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясын басқарды. Мұны федерация президенті қызметін осыған дейін атқарған Ғалым Құсайынов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тимур Турловқа шахмат федерациясын басқаруға және шахматты одан әрі дамытуға келіскені үшін өте ризамын. Тимурдың мүмкіндіктерін, оның стратегиялық көзқарасын және көп нәрсеге жүйелі көзқарасын біліп, оның келуі Қазақстан шахматы дамудың жаңа серпін және одан әрі өркендеу әкелетініне сенімдімін" - деп жазды Құсайынов.
Айта кетейік, Ғалым Құсайынов Қазақстан шахмат федерациясын 2022 жылғы мамырдан бастап басқарды.
Тимур Турлов Forbes нұсқасы бойынша 2022 жылғы мамырдағы Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің тізімінде жетінші болды. Оның байлығы 2,2 миллиард доллар деп бағаланады. Ол былтыр, 2022 жылғы маусымда Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан паспортын алды.
"Мұнда еркін тыныс аламын, Қазақстан өзінің бейбіт және қонақжай саясатының арқасында жаңа, неғұрлым бай, тиімді, әділ мемлекет құра алады деп сенемін", - деді кәсіпкер сол кезде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!