Ресей астық экспортына қарсы: Қазақстан ресми жауап талап етті

Ресей астық экспортына қарсы: Қазақстан ресми жауап талап етті

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы «Россельхознадзордың» Ресейге Қазақстаннан күнбағыс дәндері мен тұқымдарының экспортын тоқтату туралы ұсынысына қатысты жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кенжеханұлы Сенаттың дәлізінде қыркүйек айының ортасында «Россельхознадзордан» өтініш түскенін растады. Алайда Қазақстан Ресей тарапынан анықталған кемшіліктерді растайтын дәлелдерді әлі алмаған.

«Біз «Россельхознадзорға» жауап хат жіберіп, олардан анықталған кемшіліктерді растайтын деректерді сұрадық. Бұл бізге бұзушылықтардың шынайы екеніне көз жеткізу үшін қажет. Біз тиісті зертханалық тексерулер мен олардың нәтижелері туралы актілерді ұсынуды өтіндік», – деді Кенжеханұлы.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстандық тарап экспорт алдында барлық қажетті тексерулерді жүргізеді.

«Зертханаларымыз халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Экспорт кезінде біздің тарапымыздан ешқандай бұзушылықтар анықталмады. Сондықтан біз «Россельхознадзордан» қосымша ақпарат сұрадық. Біз қазір деректерді күтіп отырмыз. Алғаннан кейін, өз тарапымыздан қосымша жұмыс жүргізіп, тиісті жауап береміз», – деп түсіндірді ол.

Ресейдің уәжі

«Россельхознадзор» Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне 23-қыркүйек өтініш жолдап, Ресейге экспортталатын күнбағыс тұқымдарына фитосанитарлық сертификаттар беруді тоқтатуды өтінген.

Ресей ведомствосының хабарлауынша, мұндай шешім қабылдауға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үшін Қазақстаннан Ресей аумағына келесі карантинге жатқызылған өнімдегі карантиндік объектілерді (зиянкес) анықтау санының артуы әсер еткен. 

«Россельхознадзордың» ақпараттық жүйелері Қазақстаннан әкелінетін аталған өнімдерге фитосанитарлық құжаттарды автоматты түрде беруді бұғаттауды қарастырады», – деп жазды «Россельхознадзор». 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет