Қара бетперде таққан жігіт балалар цебаралдық параличімен ауыратын, ата-анасы тастап кеткен 16 жастағы Айнұр есімді қызға "аға болды", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айнұрдың жасы 16-да, ол балалар цебаралдық параличімен ауырады.
"Менің атым Айнұр. Бүгін менің туған күнім. "ДЦП-мен" ауырамын. 3-топ мүгедегімін. Мені үш айлығымда анам мұнда тастап кетті. Әкем бөлек отбасында тұрады. Әжем екеуіміз жалдамалы үйде тұрамыз", - деді ол.
Айнұр "Ең үлкен арманың қандай?" дегенде "Денсаулығымды дұрыстап, дизайнер және суретші болғым келеді" деп жауап берді.
"Анама ренішім бар. Анасы өз баласын тастап кету дұрыс емес нәрсе деп ойлаймын", - деді Айнұр.
Қара бетперде таққан жігіт "Осы кезден бастап мен сенің ағаң болсам, қалай қарайсың?" деп, оның қолына екі конвертті ұстатты.
Оның бірінде Айнұрдың еміне деп жиналған ақша, ал енді бірінде жаңа пәтердің кілті бар еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!