"Реніші болғандай". Kesh You тобының экс-солисі топтың соңғы құрамы неліктен танымал болмай қалғанын ашып айтты

"Реніші болғандай". Kesh You тобының экс-солисі топтың соңғы құрамы неліктен танымал болмай қалғанын ашып айтты
Фото: ашық дереккөз

Kesh You тобының экс-солисі Наргиз Алтайбай топтың соңғы құрамы неліктен танымал болмай қалғанын ашып айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Расында көбі "сендердің құрам танылмай кетті" деп айтады. Бір шеті 5 жыл - аз уақыт емес. Оның үстіне біз топқа енді келдік. Баян Мақсатқызының реніші болғандай. Карантин кезіне сәйкес келіп қалдық. 2-3 жылдай концерттер болмады. Карантинге реніші болды. Бізге ақша көп салды. Бірақ ақталмай қалды. Өзі ойлағандай нәтиже болмады", - дейді әнші OZMZ ғой бағдарламасына берген сұхбатында.   

Наргиздің сөзінше, топ құрамында болған қыздар әлі күнге дейін Баян Мақсатқызымен жақсы араласады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget