Режиссер Талғат Теменов жеке өміріндегі сәтсіздігі туралы айтты

Танымал қазақстандық режиссер Талғат Теменов отбасылық өмірі туралы сұхбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Әйгерім Сейфолланың "Сырласу" бағдарламасында қонақ болды. 

"Мен жақсы жар бола алмадым. Мінезім жаман. Өнер адамдарынан жақсы жар, күйеу шығады дегенге өз басым сенбеймін. Бар болса, бар шығар, олар мен үшін идеал. Мен идеал емеспін. Мен - алыстан қамқор, жанашыр, тілекші ғана әкемін. Өйткені оларға мен ешқандай байлық қалдыра алмадым. Мен оларға адалдықты, тазалықты, атқа кір келтірмеуді ғана көрсеттім. Басқа қолымнан ештеңе келмеді", - деген режиссер өкінішін білдірді. 

Айта кетейік, бұған дейін Баян Мақсатқызы Талғат Теменовтен кешірім сұраған болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!