"Ирина Қайратовнаның" бейнеклиптерінің бұрынғы бас режиссері Қуаныш Бейсеков отбасын құруға дайындалып жатыр. Режиссер бүгін никесін қиған, ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуаныш Бейсек актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубаймен шаңырақ көтерген. Ол бірқатар тележоба арқылы көпшілікке танылды. Шығармашылық жолы Рүстем Әбдірашевтің "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильміндегі Бұрындық ханның әйелі Қызданай рөлінен және "Алтын тақ" телехикаясынан басталды.
"Алланың қалауымен некемізді қидық", - деп жазған режиссер Қуаныш Бейсек.
Ал актриса "Үйінің кенже ұлы мен үйдің кенже қызы келісті, сенің де қолыңнан келеді", - деп мешіттен бірге түскен фотосын жүктеді.
Актрисаның бірінші некесінен ұлы бар. Ол сонымен бірге бизнеспен - жеке киім брендімен де қатар айналысады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!