- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Режеп Тайып Ердоған...
Режеп Тайып Ердоған Астанаға келді
Режеп Тайып Ердоған ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды.
Елорда әуежайында түрік басшысын премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды. Режеп Тайып Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.
Түркия — ұйымға серіктес ел. Айта кету керек, Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік жиырмалығына кіреді. Биыл 4 айда өзара сауда көлемі 1,6 млрд. долларға жетті. Екі елдің үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде 10 млрд. доллар деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова