2014 жылғы «Қазақстан аруы», жеңіл атлет Регина Вандышева Қытайда өтіп жатқан 65-ші халықаралық «Әлем аруы» байқауының спорттық сынында төртінші орын алды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлап отыр.
«Әлем аруы» байқауының финалдық кезеңі 19 желтоқсан күні өтеді. Ал ол уақытқа дейін байқауға келген әлем елдерінің хас сұлулары қайырымдылық шаралары, түрлі конкурс пен дайындықтарға қатысады.
Регина Вандышева осыған дейін «Әлем аруының» жеке дарынын көрсететін сынында бақ сынады. Ал спорттық сынында төртінші орынды қанағат тұтты. Бірінші орынды Намибия елінің аруы жеңіп алса, екінші орын Сейшель аралынан келген қызға бұйырды. Үшінші орында Гуам аралынан келген ару тұр.
Айта кетейік, қазақстандық арудың жеңіл атлетикадан спорт шебері дәрежесі бар.