- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Реформатор Масуд Пезешкиан...
Реформатор Масуд Пезешкиан Иранның жаңа президенті болып сайланды
Ирандағы президент сайлауында Масуд Пезешкиан жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mehrnews.com сайтына сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, Пезешкиан сайлауалды додада 16 384 403 дауыспен жеңіске жетсе, ал оның қарсыласы Саид Джалили 13 538 179 дауыс жинаған.
Пезешкиан 1954 жылы 29 қыркүйекте Батыс Әзербайжан провинциясының Махабад қаласында дүниеге келген.
Масуд Пезешкиан - Иран Парламентіндегі Табриз, Оску және Азаршахр сайлау округтерінің өкілі болған және 2016 жылдан 2020 жылға дейін парламент төрағасының бірінші орынбасары болған, ирандық реформатор-саясаткер. 2001 жылдан 2005 жылға дейін ол президент Мохаммад Хатами кезінде денсаулық сақтау министрі болған.
Білімі бойынша кардиохирург. Пезешкиан бұған дейін Табриз медициналық ғылымдар университетінің ректоры қызметін атқарған және қазіргі уақытта Иранның солтүстігіндегі беделді университеттің академиялық құрамына кіреді.
Пезешкиан 19 мамырда Иранның солтүстік-батысындағы таулы аймақта тікұшақ апаты кезінде қаза тапқан Ибрагим Раисидің орнына келеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан