Референдумға қатысты нақты нәтиже шықты

Референдумға қатысты нақты нәтиже шықты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Орталық референдум комиссиясы Республикалық референдумның нәтижелерін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 миллион 284 мың 487 адам.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66 пайызы.    

Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны – 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12 пайыз.

Осылайша, референдум өтті деп саналады.

Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина