- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Референдумға дайындық кезінде...
Референдумға дайындық кезінде 24 заңбұзушылық фактісі анықталды – Бас прокуратура
АЭС салу жөніндегі референдумға дайындық кезінде 24 заң бұзу фактісі анықталды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев ОСК алаңында өткен брифингте мәлім етті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Референдумға дайындықтың алғашқы күндерінен бастап референдум туралы заңнаманың 24 заңбұзушылығы анықталды. Бұл фактілер қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу ережелерінің бұзылуына қатысты. Қазіргі уақытта заңды бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 1 қазаннан бастап референдумға қатысты өтініштер дереу қаралуға жатады. Қазіргі уақытта прокуратура органдарына төрт өтініш келіп түсті. Бұл өтініштер заңсыз сауалнама жүргізген және жасырын үгіт материалдарын таратқан адамдарға қатысты", – деді Өмірәлиев.
Айта кетейік, 6 қазан – АЭС құрылысына қатысты жалпыреспубликалық референдум өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Бақдаулет