Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында АЭС құрылысын кім жүргізеді деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің сөзінше, АЭС құрылысын салуға қауіпсіздігі бойынша ең жоғары деңгейде III және III+ дәрежесіне ие технология таңдалған. Себебі бұл реакторлар пайдалану кезінде ең қауіпсіз болып табылады.
«Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Франциядан келген өндірушілермен келіссөздер жүргізудеміз. Олардың қайсысы жеңімпаз болатынын айту қиын, себебі шешім қабылдау асығыстықта емес. Егер референдумда құрылысқа оң шешім қабылданса, біз әрбір әлеуетті жеткізушімен кадрларды даярлау, пайдаланылған ядролық отынды басқару, қауіпсіздік жүйелері, қаржыландыру, әлеуметтік пакет, құрылыстың құны және электр энергиясының бағасы бойынша толық келіссөздер жүргіземіз», – деді министр сұхбатында.
Айта кететіні, бұл процесс МАГАТЭ бақылауында жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, шешім қабылдау процесін қадағалау үшін тәуелсіз халықаралық сарапшы тарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Қазақстанда атом электр станциясы (АЭС) құрылысы бойынша референдумды өткізу туралы ұсынысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет 2023 жылы жариялаған болатын. Бұл мәселе қоғамдық талқылауда бір жыл бойы тұрды. Президент 2024 жылдың 2 қыркүйегінде халыққа Жолдауында АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазанда өтетінін ресми түрде жариялап, тиісті Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді. Бұл шешім еліміздің энергия тапшылығын жоюға және ұзақмерзімді энергетикалық мүдделерін қорғауға бағытталған.
Бұған дейін АЭС тақырыбында жазылған материалдар:
АЭС Қазақстанға не үшін қажет – Энергетика министрі жауап берді
“Қазақстан АЭС құрылысын жүргізетін елге тәуелді болмайды“ - Энергетика министрлік өкілі
АЭС Қазақстанға не береді? Сарапшы пікірі
Зор үміт, кішкентай ауыл: АЭС салынуы мүмкін Үлкеннің жағдайы қандай?
6 қазан – Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты жалпыхалықтық Референдум өтеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!