- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Референдумда қанша қазақстандық...
Референдумда қанша қазақстандық дауыс береді?
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина биыл 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша өтетін референдумда қанша қазақстандық дауыс беретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің өкілдері ұсынған мәліметтері мен есептеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар республика бойынша тізімге 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді", – деді Сәбила Мұстафина.
Ол нақты қанша бюллетень дайындалатынына тоқталды.
"Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның нормасымен дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскедегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен учаскелік референдум комиссияларына жеткізілетіні белгіленген. Демек, 12 миллион 367 мың – 138 дана дауыс беруге арналған бюллетень дайындалуы керек.
"Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның нормасында дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскелік референдум комиссияларында дауыс беруге 3 күн бұрын, кемінде 1 күн бұрын жеткізілетіні белгіленген", – деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі.
Еске салайық, бұған дейін Орталық референдум комиссиясында референдум бюллетені таныстырылған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен