- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Референдум–2024: учаскелік сайлау...
Референдум–2024: учаскелік сайлау комиссияларының әрекеттері заңды деп танылды
Байқаушыларды шығару жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының әрекеттері заңды деп танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Істің мән-жайы
2024 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасында республикалық референдум өткізілді. Референдумда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісесіз бе?» деген сұрақ қойылды.
С., У. және А. «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының байқаушылары ретінде тіркелген.
Астана қаласының Алматы ауданы №2 учаскелік референдум комиссиясы Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасының бұзылуына байланысты дауыс беруге арналған үй-жайдан А-ны шығару туралы шешім қабылдаған.
Осындай шешімді У-ға қатысты №354 учаскелік референдум комиссиясы шығарған. Байқаушы А-ға қатысты бұзушылық туралы акт немесе дауыс беру учаскесінен шығару туралы шешім шығарылған жоқ.
С., У. және А. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына учаскелік референдум комиссияларының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінді.
Сот нені анықтады?
Істі қарау барысында бұзушылықтарды анықтау туралы актімен байқаушы У. басқа да байқаушылармен келіспеушілкке келіп, учаскеде тәртіпсіздік жасағаны анықталды.
Байқаушы С. сайлау процесіне араласып, өзін агрессивті ұстап, суретке, бейнеге түсіріп, сайлаушылар тізімін көрсетуді талап етіп, үш рет ескерту жасалынған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 20-1-бабының 3-тармағында байқаушылардың, оның ішінде сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдер қабылдау рәсіміне араласу, сайлау учаскесінде жүріс-тұрыс ережелерін сақтау жөніндегі сайлау комиссиясы төрағасының талаптарын орындау міндеттері көзделген.
Конституциялық заңның көрсетілген талаптары, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайда жүріс-тұрыс ережелері бұзылған.
Сот не шешті?
Сот У. және С-ның талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.
Сотпен учаскелік референдум комиссияларының әрекеттерінде бұзушылықтар анықталмады. Байқаушылар тарапынан бұзушылықтар тіркелген және ол расталды.
Бұл оларды учаскелерден шығаруға негіз болған.
Сот А-ның әкімшілік талабын қайтарды, себебі жауапкердің оның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы негізделмеген. А. мен учаскелік референдум комиссиясы арасындағы жария-құқықтық қатынастар жоқ, себебі А-ға қатысты учаскеден шығару туралы ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданбаған.
Шешімдер заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина