Референдум: сағат 12:00-ге дейін 37,54 пайыз қазақстандық дауыс берген

Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берушілердің сағат 12:00-дегі алдын ала қатысу көрсеткіші туралы мәлімет берді. Бұл деректерді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың қатысу көрсеткіші мынадай болды:

Абай облысы 41,93 %
Ақмола облысы 44,66 %
Ақтөбе облысы 45,73 %
Алматы облысы 40,41 %
Атырау облысы 42,29 %
Батыс Қазақстан облысы 36,59 %
Жамбыл облысы 35,86 %
Жетісу облысы 43,32 %
Қарағанды облысы 42,95 %
Қостанай облысы 37,10 %
Қызылорда облысы 43,18 %
Маңғыстау облысы 34,57 %
Павлодар облысы 36,57 %
Солтүстік Қазақстан облысы 41,64 %
Түркістан облысы 44,13 %
Ұлытау облысы 36,59 %
Шығыс Қазақстан облысы 42,88 %

Астана қаласы 31,23 %
Алматы қаласы 14,85 %
Шымкент қаласы 42,59 %.

Жалпы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 4 677 595 қазақстандық бюллетень алған, бұл - дауыс берушілер тізіміне енгізілген азаматтардың 37,54 пайызы.

Референдум дауыс беру құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.

"Азаматтар уақытша болатын орындардағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды", - деді Әсел Жанәбілова.

Жаңа конституция бойынша референдум

Орталық референдум комиссиясында дауыс берудің басталғаны туралы мәлімдеді.

Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін бюллетеньдер саналады. Кейбір учаскелер (негізінен әскери бөлімдерде) сағат 06:00-де ертерек ашылды. Шетелде дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша жүргізіліп жатыр.

Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады.

Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді.

Дауыс беру құқығына 18 жасқа толған және дауыс берушілер тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!