Референдум-2024: Алматыда 100 “Инватакси“ және 20 кезекші көлік мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды тасымалдайды

Референдум-2024: Алматыда 100 “Инватакси“ және 20 кезекші көлік мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды тасымалдайды
Фото: Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін республикалық референдум күні қалада мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін қала әкімдігі «Инватакси» қызметін ұсынды.

«Инватакси» – арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған азаматтарға қолжетімді.

Фото: Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мегаполисте барлығы 100 арнайы автокөлік қызмет көрсетуде.


Фото: Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Инватакси» қызметін мына диспетчерлік қызмет нөмірлері арқылы шақыруға болады:

  • арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар үшін:  +7 747 402 6415, +7 707 710 6050 (WhatsApp);
  • көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін: +7 705 980 87 09, +7 705 831 48 14.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көлік қызметін көрсету үшін 20 кезекші автокөлік бөлінген. Кезекші автокөлікті мына нөмір арқылы шақыруға болады: 338-30-09. Осы нөмір арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдар қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдана алады.

Естеріңізге салайық, бүгін Қазақстан аумағында АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Қаладағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған материал

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина