REDMI Note 17 Pro Max: сапалы смартфон үшін артық ақша төлеу міндетті емес

REDMI Note 17 Pro Max: сапалы смартфон үшін артық ақша төлеу міндетті емес
Фото: Ирина Папко 

Смартфон таңдағанда біреулер үшін брендтің атауы маңызды. Ал енді біреулер құрылғының күнделікті қолданыста қаншалықты қолайлы екеніне мән береді. Экран анық көрсетсе, камерасы жақсы түсірсе, қосымшалар жылдам ашылса, ал аккумуляторы күні бойы қуат іздетпесе — көпшілікке керегі осы. REDMI Note 17 Pro Max дәл осындай қажеттіліктерді ескерген. Ол өзін қымбат премиум смартфондармен теңестіруге тырыспайды. Оның орнына бұрын көбіне бағасы жоғары құрылғылардан табылатын мүмкіндіктерді бір модельге жинақтаған.

Өйткені смартфонның жақсы болуы үшін міндетті түрде ең қымбатын сатып алудың қажеті жоқ. Ең бастысы - қажет кезде істен шықпай, тапсырмаларды кідіріссіз орындаса болғаны. Фото сапалы түсіріліп, күн астында экрандағы жазу анық көрініп, кешке дейін қуат жеткілікті болса, күнделікті тірлік те жеңілдейді. REDMI Note 17 Pro Max осы талаптарға қаншалықты сай? Бірге қарастырайық.

Дизайны: сыртқы келбет пен қолайлылықтың үйлесімі 

REDMI Note 17 Pro Max заманауи әрі жинақы дизайнмен жасалған. Бұрыштарының жұмыр болуы көлемді корпусты көзге біршама ықшам көрсетеді. Ал күңгірт беткі қабаты саусақ іздерінің көп байқалмауына көмектеседі. Соның арқасында смартфон күнделікті қолданғанда да ұқыпты көрінеді.

Дегенмен оның шағын құрылғы емес екенін ескерген жөн. Өлшемі - 163,45 × 78,27 × 8,6 мм, салмағы - 223 грамм. Бұған үлкен экранмен қатар, сыйымдылығы жоғары аккумулятор да әсер еткен. Сондықтан сатып алмас бұрын қолға ұстап көріп, бір қолмен пайдалануға қаншалықты ыңғайлы екенін бағалаған дұрыс.

Есесіне, үлкен экранның пайдасы күнделікті жұмыста бірден сезіледі. Құжаттарды оқу, хаттарға жауап беру, картадан бағыт қарау, әлеуметтік желілерді ақтару немесе фотосуреттерді өңдеу әлдеқайда қолайлы.

Үлкен экран: жұмысқа да, демалысқа да ыңғайлы 

REDMI Note 17 Pro Max смартфонына 6,83 дюймдік AMOLED-дисплей орнатылған. Экранның ажыратымдылығы - 1,5K, яғни 2772 × 1280 пиксель. Ал 120 Гц-ке дейінгі жаңарту жиілігі мәзірлерді айналдыруды, қосымшалар арасында ауысуды және экрандағы қозғалысты бірқалыпты етеді. Мұндай экранға үйренген соң 60 Гц дисплей баяуырақ сезілуі мүмкін.

AMOLED технологиясының басты ерекшелігі - контрастылығы жоғары. Қара түс қанық көрінеді, ал фотосуреттер мен бейнелердің түстері айқын беріледі. Үлкен экраннан жолда сериал көруге, электронды кітап оқуға, әлеуметтік желілерді қарауға және жұмыс құжаттарымен айналысуға болады. Мәтінді үлкейтіп, қайта-қайта баптаудың да қажеті азаяды.

Экран жарықтығы да назар аударуға тұрарлық. Арнайы режимдерде оның ең жоғары көрсеткіші 3500 нитке жетеді. Демек, күн сәулесі түсіп тұрған кезде де экрандағы ақпаратты оқуға болады. Бұл мүмкіндік күн сәулесі тікелей түсіп тұрған кезде көшеде картаны қарауға, кездесуге бара жатып хабарламаны оқуға немесе қажетті мекенжайды тез табуға өте ыңғайлы.

Көзге түсетін жүктемені азайтуға арналған бірнеше режим де бар. Атап айтқанда, 3840 Гц жоғары жиілікті ШИМ-күңгірттеу, DC-күңгірттеу және оқу режимдері қарастырылған. Сондай-ақ жарық жағдайына қарай экранды баптауға болады. Әрине, бұл мүмкіндіктер экраннан үзіліс жасап тұрудың орнын баспайды, бірақ оны өзіңізге ыңғайлы етуге көмектеседі.

Мобильді ойынды ұнататындар үшін де бір мүмкіндік бар. Game Turbo режимінде сенсордың лезде жауап беру жиілігі 3200 Гц-ке дейін жетеді.

Күнделікті жұмысқа жеткілікті өнімділік

Смартфон Snapdragon 6 Gen 5 сегіз ядролы процессорымен жабдықталған. Ол 4 нанометрлік технологиямен жасалған. Бұл процессор күнделікті міндеттерге арналған: мессенджерлерді пайдалану, әлеуметтік желілерді қарау, навигация, бейнеқоңыраулар, құжаттармен жұмыс істеу, видео көру және бірнеше қосымшаны қатар ашу. Мұндай жағдайда бенчмарк сынақтарындағы жоғары көрсеткіштерден гөрі, смартфонның тұрақты жұмыс істеп, қатып қалмауы және әр қосымшаны қолмен жауып отыруды қажет етпеуі маңызды. REDMI Note 17 Pro Max бұл жағынан да сенімді серік бола алады. Қажет кезде қолыңызда, күнделікті жұмысыңызда әрдайым көмекке дайын.

Смартфон 5G, Wi-Fi, Bluetooth және NFC технологияларын қолдайды. NFC арқылы банк пен төлем сервисі қолдаған жағдайда, жанасусыз төлем жасауға болады. Экранға кіріктірілген саусақ ізін сканерлеу жүйесі де бар. Ал инфрақызыл порт смартфонды үйлесімді тұрмыстық техниканы басқаруға арналған пульт ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Смартфонның бағдарламалық қолдауы да маңызды. Xiaomi қауіпсіздік жаңартуларын алты жыл бойы ұсынатынын және құрылғының ұзақ уақыт бойы бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдейді. Жыл сайын жаңа телефон сатып алғысы келмейтіндер үшін бұл - ескеруге тұрарлық артықшылық. 

Камера: күнделікті сәттерді түсіруге арналған 

REDMI Note 17 Pro Max негізгі 50 Мп камерамен жабдықталған. Онда оптикалық кескін тұрақтандыру жүйесі бар. Сонымен қатар 8 Мп ультра кең бұрышты камера және 16 Мп алдыңғы камера орнатылған.

Cуреттер: Ирина Папко 

Портреттерді өңдеу кезінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады. Олар терінің табиғи текстурасы мен суреттегі ұсақ бөлшектерді сақтауға көмектеседі. Ал AI Creativity Assistant құралдары арқылы фотодағы жарық шағылысын жоюға, артық нысандарды өшіруге және портреттерді жақсартуға болады. Мысалы, әдемі кадрға байқамай өтіп бара жатқан адам түсіп кетсе немесе әйнектен жарық шағылысып тұрса, мұндай кемшіліктердің бір бөлігін смартфонның өзінде түзетуге болады. Ол үшін бөлек фото өңдеу қосымшасын орнатудың қажеті жоқ.

Тағы бір мүмкіндік - қос бейне түсіру режимі. Ол негізгі және алдыңғы камералар арқылы бір мезетте видео жазуға мүмкіндік береді. Өйткені кадрда айналадағы оқиғаны да, өз реакцияңызды да қатар көрсетуге болады.

10 000 мА·сағ аккумулятор: қуат туралы алаң азаяды

Смартфонның күнделікті қолданысқа тікелей әсер ететін сипаттамаларының бірі - аккумулятор сыйымдылығы. REDMI Note 17 Pro Max бұл жағынан ерекше көзге түседі: батареясының сыйымдылығы - 10 000 мА·сағ. Бұл — ұзақ уақыт пайдалануға және көптеген зарядтау цикліне есептелген кремний-көміртекті аккумулятор. Өндіруші ұсынған мәліметке сәйкес, 1600 рет зарядтау және қуатсыздандыру циклінен кейін батарея бастапқы сыйымдылығының кемінде 80%-ын сақтауы тиіс. Нақты көрсеткіш пайдалану жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін. Дегенмен аккумулятордың ұзақ қызмет етуіне басымдық берілгені байқалады.

Бір рет қуаттағаннан кейін смартфон шамамен үш күн жұмыс істей алады. Әрине, бұл құрылғыны қаншалықты жиі пайдаланатыныңызға байланысты. Егер жоғарыда сипатталғандай, күнделікті жұмысқа, байланысқа және демалысқа қолдансаңыз, қуаты екі жарым-үш күнге жетуі мүмкін. 

Смартфон 100 Вт HyperCharge жылдам қуаттау технологиясын қолдайды. Құрылғының қуаты азайып, асығыс шығып бара жатсаңыз, оны 10–15 минут қуаттауға қосып қоюға болады. Мұндай қысқа уақыттың өзі бір күндік қолданысқа жететін қуат қорын толықтыруға көмектесуі мүмкін. Сондай-ақ қуаты 27 Вт-қа дейінгі сымды кері қуаттау функциясы бар. Яғни қажет болған жағдайда смартфоннан басқа құрылғыларды да қуаттауға болады. Аккумулятор сыйымдылығының үлкендігіне байланысты өзіңізбен бірге пауэрбанк алып жүру қажеттілігі де азаяды.

Күтпеген жағдайларға дайын қорғаныс 

Смартфонды қанша ұқыпты ұстасаңыз да, оны байқамай түсіріп алуыңыз немесе жаңбыр астында қалуыңыз мүмкін. Кейде шаңды жерге де қойып жатамыз. Сондықтан құрылғының беріктігіне мән берген жөн. Бұл - күтпеген шығындардың алдын алуға көмектесетін қасиет.

REDMI Note 17 Pro Max Corning Gorilla Glass Victus 2 қорғаныш әйнегімен және REDMI Titan көпқабатты құрылымымен жабдықталған. Өндірушінің мәліметінше, смартфон тегіс гранит бетіне үш метрге дейінгі биіктіктен құлау сынағынан өткен. Әрине, зертханалық сынақ нәтижесі құрылғы кез келген биіктіктен құласа да бүлінбейді деген кепілдік емес. Дегенмен қосымша қорғаныстың болғаны артық етпейді.

Шаң мен судан қорғаныс деңгейлері - IP66, IP68, IP69 және IP69K. Өндіруші көрсеткен зертханалық жағдайларда құрылғы екі метрге дейінгі тереңдіктегі тынық тұщы суға 72 сағат бойы батырылғанда төтеп бере алады. Басқаша айтқанда, смартфон күнделікті өмірде кездесетін кейбір күтпеген жағдайларға төзімді етіп жасалған.

REDMI Note 17 Pro Max алуға тұрарлық ма?

Бұл смартфонның басты артықшылығы - күнделікті өмірде қажет болатын мүмкіндіктердің бір құрылғыға жинақталуы. Үлкен әрі жарықтығы жоғары AMOLED-экран, бірқалыпты жұмыс істейтін интерфейс, күнделікті міндеттерге арналған процессор, оптикалық тұрақтандыруы бар камера, жасанды интеллект негізіндегі фото өңдеу құралдары және 10 000 мА·сағ аккумулятор - модельдің негізгі ерекшеліктері осылар. Бұған шаң мен судан қорғаныс, күшейтілген қорғаныш әйнегі, NFC және 5G қолдауы қосылады.

Дегенмен смартфон таңдағанда өз қажеттілігіңізді ескерген дұрыс. Егер ауыр ойындарды жоғары өнімділікпен ойнау, алыстағы нысандарды сапалы түсіретін зум-камераны пайдалану немесе мобильді түсірілімнің кәсіби мүмкіндіктері маңызды болса, REDMI Note 17 Pro Max моделін қымбатырақ құрылғылармен салыстырып көрген жөн. Ал жұмысқа, оқуға, сөйлесуге, саяхаттауға, фото түсіруге және көңіл көтеруге арналған смартфон іздесеңіз, бұл модельдің мүмкіндіктері жеткілікті.

Бағасы да назар аударуға тұрарлық. Смартфон таңдағанда тек құрылғының дизайны мен техникалық сипаттамаларына емес, бағдарламалық қолдауына да мән береміз. Өндіруші ұсынған қолдау мерзімін ескерсек, REDMI смартфонын 5-6 жыл пайдалануды жоспарлауға болады. Бағаға келсек, 15 қарашаға дейін REDMI Note 17 сериясындағы смартфондардың бастапқы құны 99 990 теңгеден басталады. Ал біз сынап көрген REDMI Note 17 Pro Max нұсқасының бағасы - 249 990 теңге. Оның жедел жады - 8 ГБ, ішкі жады - 512 ГБ. Бұл - мүмкіндіктер жиынтығы барынша толық нұсқа. Бренд үшін артық төлеу әрдайым өзін ақтай бермейді. Егер қымбат модельдің қосымша мүмкіндіктері сізге шынымен қажет болса, оған ақша жұмсаудың мәні бар. Ал күнделікті қолданыс үшін смартфон таңдағанда оның бағасына ғана емес, нақты қандай міндеттерді орындай алатынына назар аударған жөн.

REDMI Note 17 Pro Max осы тұрғыдан қызықты. Ол кәсіби камераны, ойын консолін және ноутбукты бір құрылғыға біріктіруге уәде бермейді. Оның орнына күнделікті қажеттіліктерге арналған мүмкіндіктерді, ұзақ уақыт қуат сақтайтын аккумуляторды және қосымша қорғанысты ұсынады. Сондықтан сапаны бағалайтын, жұмсаған ақшасына сай мүмкіндіктер алғысы келетін және смартфонның бағасы міндетті түрде жоғары болуы керек деп санамайтын адамдар үшін REDMI Note 17 Pro Max қолайлы таңдау болуы мүмкін. 

Жарнама материалы

Massaget.kz
Logotype Massaget