Мадридтік "Реал" Түркия құрамасының жартылай қорғаушысы Арда Гюлермен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде жариялады. 21 жастағы футболшымен жасалған жаңа келісім 2032 жылдың 30 маусымына дейін жарамды, деп хабарлайды Massaget.kz.
Мадридтік клуб жаңа келісімшарт жасалғаны туралы ақпаратты ресми сайтында жариялады. Сондай-ақ клуб жас жартылай қорғаушының команда сапындағы жетістіктеріне тоқталған.
"Арда Гюлер 2023 жылдың шілдесінде 18 жасында "Реалға" ауысты. Клуб сапында өнер көрсеткен төрт маусымда ол 126 матчқа қатысып, бес жүлдеге қол жеткізді. Оның еншісінде бір Чемпиондар лигасының кубогы, бір клубтар арасындағы әлем чемпионаты, бір УЕФА Суперкубогы, бір Испания чемпионаты және бір Испания Суперкубогы бар. Ол Түркия ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта ұлттық құрама жейдесінде 38 матч өткізген. Өткен жылдың қыркүйегінде Арда Гюлер 2025/2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының үздік жас ойыншысы атанды", – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Гюлер 2023 жылдың жазында "Реал" сапына түркиялық "Фенербахче" клубынан 30 миллион еуроға ауысқан болатын.
✍️🤍🤝 @10ardaguler https://t.co/mrD6YLcIIs
— Real Madrid C.F. (@realmadrid) November 18, 2026
Гюлердің осы маусымдағы статистикасы
Арда осы маусымдғы барлық турнирде 14 матч өткізіп, төрт гол соғып, жеті нәтижелі пас берген.
Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтағы құны 100 миллион еуроға бағаланып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай