“Реал“ “Барселонаны“ тізе бүктірді: ойын соңы төбелеске ұласа жаздады

“Реал“ “Барселонаны“ тізе бүктірді: ойын соңы төбелеске ұласа жаздады
Фото: depositphotos.com

26-нан 27 қазанға қараған түні мадридтік "Реал" Испания чемпионатының 10-турында каталониялық "Барселонаны" жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

41-минутта Килиан Мбаппе матчтегі алғашқы голды соқты, ал үзілістен кейін, 61-минутта Рафинья есепті теңестірді.

Кездесу аяғында, 87-минутта, сол Мбаппе дубль жасап, "Реалға" жеңіс сыйлады.

Финал ысқырықтан кейін Джуд Беллингем мен Габриэл Жезус төбелесіп қала жаздады, әріптестеріне ойыншыларды ажыратуға тура келді.

Жанжалдың себебі белгісіз, бірақ бұл мына бір сәтпен байланысты болуы мүмкін.

"Реал" "Барселонаға" Испания чемпионатындағы осы маусымдағы алғашқы жеңілісін көрсетті. Сондай-ақ, мадридтіктер Эль-Класикодағы екі матч жеңілістер сериясын тоқтатты. Қаңтарда Суперкубок аясында, ал мамырда чемпионатта жеңілген болатын.

Жеңіліске қарамастан, 10 турдан кейін каталониялықтар Ла Лиганың турнирлік кестесінде 27 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында - "Атлетико" (25 ұпай), ал "Реал" үшінші сатыда (24 ұпай).

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

433 (@433) жарияланымы

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget