- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Рауан Кенжеханұлы жаңа...
Рауан Кенжеханұлы жаңа қызметке тағайындалды
Рауан Кенжеханұлы Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті болып сайланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рауан Кенжеханұлының кандидатурасы Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының кезектен тыс съезі барысында ұсынылды. Оған Қазақстан бойынша делегаттардың көпшілігі дауыс берген.
Съезд делегаттарының ұсынысы бойынша қоғамның орталық кеңесі мен басқарма құрамы жаңартылды, оның құрамына Қазақстан Республикасының цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Республикалық "Егемен Қазақстан" газеті басқармасының төрағасы Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, кәсіпкер-меценат Дулат Тастекеев кірген.
Еске салайық, бұған дейін ұйым басшысы қызметін атқарған Берік Әбдіғалиұлы мемлекеттік қызметтегі жұмысына байланысты қызметінен кеткен болатын. Қазір ол - Ұлытау облысының әкімі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан