- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Рамзан Қадыровтың 16...
Рамзан Қадыровтың 16 жастағы ұлы оныншы наградасын алды
Рамзан Қадыровтың спортшы ұлы оныншы наградасына ие болды. Награданың барлығын ол 1 жылда алып үлгерген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, аралас жекпе-жекте бағын сынап жүрген 16 жастағы Адам Қадыров тағы бір мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бұл жолы оған республикадағы ең жоғары марапат - Ахмат Қадыров атындағы орден табысталған.
Бұл туралы ұлттық саясат және сыртқы байланыс министрі Ахмед Дудаев мәлімдеп, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
"Бұл - оның жоғары адамгершілік қасиеттері мен адалдығына берілген лайықты баға. Адам - нағыз мұсылман және шешен ұлтының өкілі ғана емес, ол өз халқының абыройын асқақтатып жүрген патриот", - деп жазды Дудаев.
Айта кетейік, Адам Қадыров былтыр Құранды өртеп ұсталған Никита Журавлевті түрмеге барып ұрған болатын. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған соң кіші Қадыровқа жан-жақтан мемлекеттік наградалар табыстала бастады. Бір жылдан астам уақытта Адам Қадыров дәл осындай он награда алып үлгерген. Тек былтырғы қазан айының өзінде оған үш бірдей орден тағылды.
Адам Қадыров аралас жекпе-жекпен де айналысады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек