Шешенстан президенті Рамзан Қадыров тағы бір туысы - Иса Ибрагимовті мәдениет министрі қызметіне тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Кавказ.Реалии" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, мамырда Ибрагимов Шешенстан Үкіметі мен әкімшілік басшысының орынбасары болды.
Жаңа тағайындау туралы "Грозный-информ" мемлекеттік ақпараттық агенттігі хабарлаған.
Иса Ибрагимов Шешенстанның жастар іші жөніндегі министрі болған. Артынша дене шынықтыру және спорт министрі болды.
Айта кетейік, 2021 жылға дейін мәдениет министрлігін Қадыровтың үлкен қызы Айшат Қадырова басқарған. Айшат вице-премьер болып тағайындалып, министр қызметінен кетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!