Рамазандағы Атымтай Жомарт: аты-жөнін атамауды сұраған адам ауызашарға 7 миллион бөлген

Рамазандағы Атымтай Жомарт: аты-жөнін атамауды сұраған адам ауызашарға 7 миллион бөлген

Павлодарда кәсіпкер ауызашар беруге 7 миллион теңге жұмсады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Рамазан айының әр ауызашарында 160-190 адамға арнап дастархан жаю үшін Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітке ақша аударған. Өңірдің бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлының айтуынша, жомарт жан аты-жөнін атамауды өтінген. Имам оның бұл сауапты ісі өзгелерге үлгі боларлық екенін айтады. Күнде кешкісін ауызашарда мешіт асханасының есігі барлық адамға айқара ашық, дастархан жаюлы.

Мешіт қызметкерлері Оразада сауап алу үшін ауызашарға қомақты қаражатын аямайтын азаматтар қатары жыл сайын артып келе жатқанын айтады. Былтыр да бір кәсіпкер бес миллион теңге бөлген.

Өңірдің кәсіпкерлер палатасы да бизнесмендерге үндеу жолдап, қасиетті айда аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге шақырған.

Айта кетейік, биыл Рамазан 23 наурызда басталады. Ал сәуірдің 17-нен 18-іне қараған түн - қасиетті Қадір түні. 21 сәуір - ораза айт мерекесі.

2023 жылғы Ораза кестесін мына жерден көре аласыздар.

Е.Базарқұл 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова