Рамазан 2026: ҚМДБ оразада азық-түлікті қымбаттатпауға шақырды

Рамазан 2026: ҚМДБ оразада азық-түлікті қымбаттатпауға шақырды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол оразада азық-түлікті қымбаттатпауға шақырды.

"Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық.  Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да сауапты істің бірі. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз", - деді ол.

Сәресіне арналған дұға

"Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім".

Ауызашар дұғасы

"Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, саған иман келтірдім, саған тәуекел еттім. Берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнәмді кешіре көр!"

Қадір түні, Ораза айт мерекесі қашан?

ҚМДБ мәліметінше, 17 наурызға қараған түн - қасиетті Қадір түні, ал 20 наурыз - Ораза айт мерекесі.

Ораза ұстайтындарға кеңес

Ораза - мұсылмандар үшін маңызды құлшылықтың бірі. Ол - тек ас-судан тыйылу емес, рухани кемелденіп, сабыр сақтап, өзін-өзі тәрбиелейтін ерекше ғибадат.

Бұрын ораза ұстап көрмесеңіз, бірден кірісу қиын болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді біртіндеп дайындау қажет.

  • Тамақтану режимін реттеңіз, таңғы және кешкі асты уақтылы ішіп үйреніңіз. Ораза басталғанға дейін бірнеше күн бір уақытта тамақтанып, ауыз бекітуге дағдыланыңыз.
  • Оразада дұрыс тамақтану маңызды. Сәресіде күрделі көмірсу (ботқа, қара нан, көкөністер), ақуызға (жұмыртқа, ет, сүзбе) бай тамақтарды жеп, су ішкен жөн. Ал ауызашарда асқазанға салмақ түсірмеу үшін жеңіл тамақтардан бастау керек (сүт өнімдері, құрма, сорпа). Дұрыс тамақтану сіздің қуатыңызды сақтауға және күні бойы өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі.
  • Бастапқыда қиындық сезінсеңіз, өзіңізді қинамаңыз, бастысы - ниет пен талпыныс.
  • Ораза тек аштықпен шектелмейтінін түсіну маңызды. Бұл - рухани тазару, өз-өзіңді бақылау және ішкі жан дүниеңді дамыту кезеңі. Көптеген адам ораза арқылы жаңа әдет қалыптастырып, өзін жаңа қырынан таниды.
  • Айналаңызда ораза ұстайтын адамдар болса, бірге ұстау жеңіл болады.
  • Әр күніңізді жетістік ретінде қабылдап, өзіңізді мақтап отырыңыз. Ораза ұстау - ерік-жігерді қажет ететін ғибадат, сондықтан кішкентай жеңісіңіз үшін өзіңізді марапаттаңыз.

Рамазан 2026: қалаларға арналған кесте

Ораза 2026: Астана қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Алматы қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Шымкент қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Ақтөбе қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Ақтау қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Атырау қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Жезқазған қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Көкшетау қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қарағанды қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қонаев қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қостанай қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қызылорда қаласына арналған кесте 

Ораза 2026: Орал қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Өскемен қаласына арналған кесте 

Ораза 2026: Павлодар қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Петропавл қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Семей қаласына арналған кесте 

Ораза 2026: Талдықорған қаласына арналған кесте 

Ораза 2026: Тараз қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Түркістан қаласына арналған кесте

Тағы да оқи отырыңыз: 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget