Рақымшылық жасалған қанша адам бостандыққа шыққаны белгілі болды

Рақымшылық жасалған қанша адам бостандыққа шыққаны белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі жаңа Конституция қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңның іске асырылуы тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заң күшіне енген алғашқы күннен бастап барлық аумақтық бөлімшеде жүйелі жұмыс ұйымдастырылған.

"Соттарға 10 мыңнан аса ұсыныс жолданды. Оның ішінде 4400-ге жуығын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, ал 6900-ден астамын пробация қызметтері дайындаған", - деді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев.

Қазір соттар мыңнан аса материалды қарап шыққан. Нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылған. Енді олар әкімшілік қадағалауда болады.

"Пробация қызметінің есебінде тұрған 724 азамат та жазасын өтеуден босатылды. Сонымен қатар, 730-дан аса сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды. Рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды. Әрбір сотталушы бойынша материалдар жеке қаралып, түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget