Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев бір кездері қалай ауырғанын еске алды. Ол бұл туралы "Алғашқы" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, рак деген де болжамдар болған. Алайда Германияда басқа диагноз қойылыпты.
"Рак деді, анау деді, неше түрлі әңгімелер айтты. Германияға барған кезде профессор Блюм деген кісі болды. "Жай зоб" дейді. Мені алдап жатыр деп ойлаймын. "Рак болса рак деп айтыңыз, күресейін. Алданып отырмайын, өткірік айтпаңыздар" деймін. "Өтірік емес, шын" дейді. Бәрібір күресемін деп ойладым", - дейді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Алтынбек Қоразбаев Мейрамбек Бесбаев бір кездері неге қатты арықтап кеткенін әңгімелеген болатын.
"Мейрамбектің артынан шырылдап жүгірген қыздар көп болды. Кім Мейрамбекке ғашық болмады? Осыдан 15 жыл бұрын Мейрамбек ауырды. Қатты ауырды. 80 келілік бала 60 келіге түсіп қалды. 20-25 келіге түсіп кетті. Елдің бәрі "ана ауру екен, мына ауру екен, зоб екен" деді. Жоқ, Мейрамбекке көз тиген. Шынын айту керек, Мархабат келіннің құлағына алтын сырға, қыздардың қарғысы тиген. Не көз тиген, не қарғыс тиген" , - деген еді әншінің ұстазы Алтынбек Қоразбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!