Рахмон Тоқаевты әуежайда қалай күтіп алды?

Рахмон Тоқаевты әуежайда қалай күтіп алды?
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина