Шығыс Қазақстан облысындағы Рахман қайнарына биыл күзде тегіс жолмен жетуге болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құз жартас бойына алғаш рет асфальт төселіп жатыр. Мамандардың айтуынша, тау арасында жол салу оңайға соғып жатқан жоқ.
Олардың сөзінше, ауыр техникалардың әрбір қозғалысы қауіп-қатерге толы. Дегенмен жолшылар 13 шақырым толық аяқталып, қолданысқа берілетінін мәлімдеді.
"Қыркүйекке дейін асфальт жұмыстарын толық аяқтауды жоспарлап отырмыз, одан кейін абаттандыру жұмыстары бар. 200 дана жол белгісі қарастырылған және 10 шақырым қоршау қарастырылған", - деді "Қазавтожол" ҰК" АҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары Алмас Қасенов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!