- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Рахман қайнары“ шипажайы...
“Рахман қайнары“ шипажайы мемлекетке қайтарылды
Шығыс Қазақстан облысындағы "Рахман қайнары" шипажайы мемлекеттік органдардың балансына берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Электрон сауда алаңында "Рахман қайнары" шипажайын мемлекеттік органдардың балансына беру бойынша сауда-саттық өтті.
Сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.
"22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ", - деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.
Айта кетейік, "Рахман қайнары" шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор - ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек