Рахаттанып өмір сүруге кедергі келтіретін 5 әдет

Кейде бәрі жақсы сияқты, бірақ сонда да мазасызданып, күйзеліс бой алатын кездер болады. Кей әдеттер рахаттанып өмір сүруге кедергі келтіреді.

Өзіңізді басқалармен салыстыру

Үнемі өзіңізді басқамен салыстыру өз-өзіңізге деген сенімділіктің түсіп кетуіне әкеледі. Өзіңізді қалай бар солай қабылдаңыз және өз жетістіктеріңіз бен ерекшеліктеріңізге назар аударыңыз.

Денсаулықты күтпеу

Өмірден ләззат алу үшін денсаулықтың жақсы болуы маңызды. Сондықтан физикалық жүктемелерге уақыт бөліп, дұрыс тамақтануды қолға алу және эмоциялық жағдайды реттеу керек.

"Жоқ" дей алмау

Кейде "жоқ" деп айтып та білу керек. Әрине, бәріне көмектескісі келу жақсы қасиет, алайда жағдайға қарай бас тарту да керек болады. Себебі ол сіздің хал-жағдайыңызға жағымсыз әсер етуі және өмір сүруіңізге кедергі келтіруі мүмкін.

Перфекционизм

Мінсіздікке ұмтылу өмірден ләззат алуға кедергі келтіруі мүмкін. Сіз - робот емессіз, сіз – адамсыз. Сондықтан қателессеңіз, өзіңізді сөкпеңіз немесе шаршап тұрсаңыз, бірден жинауға кірісіп кетпей, демалыңыз.

Қуаныш сыйлайтын нәрселерді кейінге қалдыру

Адамдар жиі көңіл көтеруді кейінге қалдырып, "дұрыс" сәтті күтеді. Алайда өмірді қазір сүру керек. Сізді қуантатын, сізге рақат сыйлайтын нәрселерге уақыт табыңыз.

Еске салайық, бұған дейін өтірік айтатын адам қандай сөздерді жиі айтатынын жазған болатынбыз.